Шөп жинау және жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаңыздар!

Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіпті төндіреді. Дала және жем-шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі.
Өрттің алдыналу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Тыйым салынады:
1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан жәнебасқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Құрметті азаматтар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон номері арқылы хабарлаңыздар.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі