Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түн мезгілінде орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алды

Түн мезгілінде орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алды

Құқық бұзушылық – бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. 

Осыған орай, кеше Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары және ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Әбілдаев, сақшы сарбаз С.Сансызбайұлының қатысуымен түнгі рейдтік және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған рейдтік жұмыстар кәмелеттік жасқа толмаған балалар (оқушылар) мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

Рейд жүргізу барысында ешқандай  кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.
23 қараша 2022 ж. 517 0