Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордада 5 күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен табылды

Қызылордада 5 күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен табылды

18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Полиция қызметкерлері 5 күннің ішінде жүргізген жедел – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00 де қала аумағынан табылып, ата – анасына аман – есен тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Құрметті ата – аналар егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.


Фото: Қызылорда полициясы
22 желтоқсан 2023 ж. 252 0