Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты

Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты

Қызылордалық полицейлер жоғалған 71 жастағы қарияны іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” арнасына Қызылжарма ауылының тұрғыны жолдасының үйден 26 сәуір күні сағат 08:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып, үйіне қайта оралмағандығы жөнінде арызданған.

Жедел-іздестіру шараларына Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Нәтижесінде 71 жастағы қария кешкі уақытта қала көшелерінің бірінен аман есен табылды. Қарияның отбасы мүшелері “102” арнасына хабарласқан сәттен бастап полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болғанын айтып, Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамына алғысын білдірді.
30 сәуір 2023 ж. 238 0