Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда тұрғынын өзінің жүргізушісі тонаған

Қызылорда тұрғынын өзінің жүргізушісі тонаған


Қызылорда облысында жеке жүргізушісі жергілікті тұрғынның үйіне бірнеше мәрте ұрлыққа түскен. Салдарынан үй иесіне ақшалай және заттай зиян келтірген, деп хабарлайды 
Kazinform.

Шиелі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Онда үйінен құны шамамен 2 млн теңге тұратын алтын бұйым мен 5500 АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражаты ұрланғандығы айтылған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізіп, нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің 30 жастағы жеке жүргізушісі болып шықты.

«Тексеру барысында күдіктінің екі рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Бірінші жағдайда ол үйге жасырын кіру арқылы жатын бөлмесінен алтын бұйымдарды ұрлап, кейін оларды ломбардқа өткізген. Екінші мәрте 5500 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрлаған. Ұрланған заттар тәркіленді. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Аталған бап бойынша мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.


Фото: Kazinform
20 қараша 2023 ж. 89 0