Қызылордада алаяқ балгер ұсталды
Қызылорда қаласы полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Апта басында «болашағыңды болжап беремін» деген балгер жәбірленушіден алтын браслетін және ақшасын алдап алған. Келтірілген шығын 200 мың теңгеге жуық ақшаны құрады.
Полицейлер тұрғынның сеніміне кіріп, алдаған күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 54 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымды ломбардқа өткізіп жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.