Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аңшылық дүкеннен 6 млн теңгенің заты ұрланған

Аңшылық дүкеннен 6 млн теңгенің заты ұрланған

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіз кезінде аңшылық дүкенінен 6 млн 212 мың теңгенің заттары ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде бірнеше органнан құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тарапынан қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Ұсталған азаматтардан тергеп-тексеру барысында заттай дәлелдемелер алынды. Олар - 3 қару-жарақ, оның біреуі АКСУ автоматы мен 20 арнайы щит, дубинка, каска құралдары.
Сондай-ақ, қаладағы ломбардтың бірінен жалпы құны 300 млн теңге тұратын алтын бұйымдар ұрланған. Ал аңшылық дүкеннен 6 млн 212 мың теңгенің заттары қолды болған. Аталған қылмыстар бойынша күдікті ретінде Қызылорда қаласының 5 тұрғыны қамауға алынды.
«Бүгінгі күнге азаматтардан полиция органдары қызметкерлерінің әрекетіне қатысты Өзіндік қауіпсіздік басқармасына 25 арыз-шағым келіп түскен. Бұл бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
30 қаңтар 2022 ж. 559 0