Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Есірткі сақтағаны үшін қызылордалық азамат үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі сақтағаны үшін қызылордалық азамат үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылордада сот ер адамды кінәлі деп тауып оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Келіп түскен ақпарат бойынша қызылордалық  полицейлер облыс орталығы тұрғынының пәтерінен есірткі заттарын тапқан. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар 3 кг 405 гр марихуана, 6,57 гр гашиш және 3,65 гр қара сора тұқымдары болып шықты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен айыпталушы үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған сот сараптамаларының жүргізілгендігі үшін мемлекет кірісіне 159 262 теңге және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы төлеуге тура келеді.
04 қазан 2023 ж. 154 0