Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылордалық полицейлер «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 7 тамыз күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауданынан 6 шақырым жерде ірі есірткі алқабын  анықтады. Оқиға орнында Жаңақорған ауданының 65-53 жастағы екі тұрғыны ұсталды.  Тексеру барысында жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 52  түбін анықтады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек ұсталғандардың жеке заттарын, азық - түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі.   Сонымен қатар, 52 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 10 кг. 936 гр. болып шықты. 

Күдікті азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2–бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
10 тамыз 2023 ж. 337 0