Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жалған банкнот пайдаланған қызылордалық сотталды

Жалған банкнот пайдаланған қызылордалық сотталды

Осыдан бірнеше ай бұрын өңірде жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Осыған орай, ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеу жұмыстарын аяқтап, іс материалын сотқа жолдаған болатын. Бүгінде 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 178-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес сотталушыдан мемлекет кірісіне сот-техникалық зерттеу сараптамасына жұмсалған процестік шығын өндірілетін болады.

Оған қоса ҚК-нің 98-2-бабының 4) тармағының талабына сәйкес сотталушы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 69 000 теңге жәбірленушілерге өтемақы төлейді.

Енді айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.

Еске сала кетсек, қала тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтап, оны жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізіп отырған. Әрі қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған.


Фото: ашық дереккөзден
20 шілде 2023 ж. 213 0