Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада асхана өртенді

Қызылордада асхана өртенді

Қызылорда қаласы Х.Бектұрғанов көшесі №11 мекенжайда фастфуд асханасы жанып жатқаны жөнінде «112» желісіне хабарлама түсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Аталған шақыртуға орай №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен қосымша күш ретінде №7, №6 өрт сөндіру бөлімдерінен 3 техника 27 қызметкер жұмылдырылды. 

«Оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде аталмыш асхананың ауданы 1,5х5 метр болатын шатыры жануда және Х. Бектұрғанов көшесі №11 бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №87 пәтердің балконына өрт таралып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің біріккен, жедел іс-қимылы мен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде тілсіз жаудың пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт салдарынан жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Шығу себебі мен шығыны анықталуда», - делінген хабарламада.
06 қыркүйек 2023 ж. 372 0