Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әлеуметтік дүкен өртенді

Әлеуметтік дүкен өртенді

Бүгін таңертең 09 сағат 48 минутта Тасбөгет кенті Сейтпенбетов көшесінің бойында орналасқан Әлеуметтік дүкеннің жанып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 15 шаршы метр болатын әлеуметтік дүкенінің ішінде орналасқан бір дана кондиционер жанып жатқаны анықталды. Сонымен қатар дүкеннің екінші бөлмесінің 1,5 шаршы метр қабырғасы өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрі нақты іс қимылының арқасында дүкенді аман сақтап қалды. Адамдары аман. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Ішінде азық-түлігі бар жұмыс жасап тұрған дүкен екені белгілі болды. Өрт минутта оқшауланып, 10 сағат 04 минутта толық сөндірілді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі
14 желтоқсан 2022 ж. 609 0