Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суда шомылу ережесін сақтайық

Суда шомылу ережесін сақтайық

Өзен-көлдерге каналдарда, жағажайлар­да адамдардың суға шомылудың қарапайым ережелерін сақталмауы салдарынан қай­ғылы қазаға ұшырап жатқаны айқын. Көбіне, ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдыруынан, ересек адамдардың спирт ішімдігін ішіп, суға шомылу немесе мас күйінде кішігірім қайықтарды басқару, тыйым салынған жерлерде суға шомылу себеп болып отыр.

Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін сақтау керек.
– тыйым салынған жерлерде шомылуға;
– танымайтын жерде шомылуға;
– шектейтін белгілерден асып сүңгуге, суға көпір­лерден, жағалаудағы бөгетшелерден се­кіруге;
– шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға;
– өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге;
– мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
– Құтқару құралдарынсыз қайықты пай­да­ланбаңыз;
– Қараңғы батысымен қайықты қолдан­баңыз;
– Қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
– Кішігірім қайықта тік тұрыңыз;
– Қайықтың ернеуіне және басқа бөлігіне отырмаңыз;
– техникалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жо­лау­­шы­лар мен жүкті ал­маңыз;
– Мас күйінде қайыққа мінбеңіз;
– Қараусыз қалған және техникалық жөн­деуге келмейтін қа­йықтарды қолдан­ба­ңыз.
Осы ережелерді сақтамау, су қоймаларын­да жиі қайғылы жағ­дайдың болуына соқ­тырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от, дауыл, жел тілсіз жау екенін ұмытпа­ңыздар.

Ескерту: Бөлімде 8/72436/21-4-94 нө­мірлі сенім телефоны жұмыс жасайды. Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиға­лар кезінде «101», «112», 21-2-00 телефондарына хабарласула­рыңызды сұрайды.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
25 сәуір 2023 ж. 226 0