Жаз мезгілінде суда шомылу ережесін сақтайық!
Қазіргі таңда, Республика бойынша өзен-көлдерде, каналдарда, жағажайларда адамдардың суға шомылудың қарапайым ережелерінің сақтамауы салдарынан қайғылы қазаға ұшырап жатқаны айқын. Көбіне, ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдыруынан, ересек адамдардың спирттік ішімдік ішіпсуға шомылуы немесе тыйым салынған жерлерде суға шомылуы себеп болуда.
Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін сақтау керек:
- тыйым салынған жерлерге шомылуғаболмайды;
- танымайтын жерде шомылуға болмайды;
-шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға көпірлерден,жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;
-шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды; - өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге болмайды;
-маскүйінде шомылуға болмайды;
Егер сіз қайықта болсаңыз:
- құтқару құралдарынсыз қайықты пайдаланбаңыз;
- қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;
- қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
-кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;
- қайықтың ернеуіне және басқа бөлігіне отырмаңыз;
-Техникалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жолаушылармен жүктіалмаңыз;
- мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;
-қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтардықолданбаңыз.
Осы ережелерді сақтамау, су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуынасоқтырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су,от тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар Ағайын!
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі