Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Суда шомылу ережесін сақтайық

Суда шомылу ережесін сақтайық

Адамдардың өзен-көлдерде, каналдарда, жағажайларда суға шомылудың қарапайым ережелерін сақтамауы салдарынан қайғылы қаза орын алып жатқаны айқын. Көп жағдайда ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдыруынан, ересек адамдардың спирттік ішімдік ішіп суға шомылуы немесе мас күйінде кішігірім қайықтарды басқаруы, тыйым салынған жерлерде суға түсуі апаттың басты себебі болып отыр.

Суға түсуде қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, мынадай қара­пайым ережелерді сақтау керек:
– тыйым салынған жерлерде шомы­луға болмайды;
– танымайтын жерде шомылуға болмайды;
– шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды;
– суға көпірлерден, жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;
– шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
– өтіп бара жатқан қайықтар мен қатерлерге жақын жүзіп келуге болмайды;
– мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
– құтқару құралдарынсыз қайықты пайдаланбаңыз;
– қараңғы батқанда қайықты қолдан­баңыз;
– қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
– кішігірім қайықта тік тұрыңыз;
– қайықтың ернеуіне және басқа бөлігіне отырмаңыз;
– техникалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жолаушылар мен жүкті алмаңыз;
– мас күйінде қайыққа мінбеңіз;
– қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолдан­баңыз.
Осы ережелерді сақтамау, су қойма­ларында жиі қайғылы жағдайдың болуына соқтырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от, дауыл, жел – тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар, ағайын.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
29 мамыр 2021 ж. 416 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам