Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығын ізін суытпай ашты

Қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығын ізін суытпай ашты

Қызылордада тұрғын үйлерді сырттай бақылап жүрген белгісіз азамат тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Осылайша, қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

14 желтоқсан күні пәтер ұрлығын кәсіп қылған азамат облыс орталығындағы үйлердің біріне кілт іріктеу арқылы заңсыз кіріп, алтын және бағалы бұйымдарын қолды еткен. Алайда, үй мүлкін ұрлап машықтанған кәнігі қылмыскер алысқа кетпеді. Қылмысқа жеке – дара баратын ұрыдан полицейлер айғақ заттарды түгелдей тәркіледі. Пәтер ұрысы жедел шара барысында ұсталды. Күдікті азаматтан айғақ заттар ретінде алынған алтын және бағалы бұйымдар заттай дәлелдеме ретінде алынып, қолхат арқылы иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті ретінде танылған 37 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Қазіргі уақытта полицейлер оның өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
19 желтоқсан 2022 ж. 570 0