Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық әйел мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған

Қызылордалық әйел мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беретінін айтып, 19 адамды алдап кеткен азаматша ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 19 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды.

Арызда көрсетілгеніндей, өткен жылдан бері бір азаматша сенімдеріне кіріп, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп уәде еткен.

Салдарынан ол жәбірленуші тұрғындарға 20 млн теңгеден астам шығын келтірген.

«Полиция қызметкерлері тексеру жұмысын жүргізді. Күдікті ретінде 32 жастағы азаматша ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция депараментінен.

Ведомство мәліметінше, облыс орталығында алаяқтық оқиғалары жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген.

Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық Қарағандыда ұсталды.
01 шілде 2022 ж. 447 0