Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтеншеліктердің тиянақтылығы

Төтеншеліктердің тиянақтылығы

Қыстың көзі қырауда үй өртеніп, әбір­жі­геннен асқан қиындық жоқ шығар. «Тас түс­кен жеріне ауыр» дейтін болсақ, бұл қиын­дықты үйі өртенген отбасылар ғана тереңірек түсінетінін ұғамыз. Қаңтар айында Тереңөзек кентіндегі Д.Қонаев көшесіндегі №19/1 үй өр­теніп, бір отбасы қиындыққа тап бол­ды.

Түстен кейін болған өрт оқиғасы жөнінде хабар жеткен уақытта аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен өрт сөндірушілер тез қимылдап, тілсіз жау­ды ауыздықтай білген. Соның негізінде адам шығыны бол­май, өрт кәсіби мамандардың біліктілігінің арқасында ұтымды сөндірілген. Бұл туралы бізге үй иелері айтып, аудандық газет арқылы сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.

– Бұл үй – менің інімнің үйі. Өрт болған күні бәріміз үйге алып-ұшып жеттік. Келсек, төтеншеліктер іске кірісіпті. Өрт сөндірушілер терезеден ішке еніп, үйдегі адамдарды сыртқа шығарды. Үйдің ішінде 9 айлық нәресте де бар еді. Егер төтеншеліктер жылдам қимылдап, нақты шешім­дер қабылдамағанда адам шығыны болуы мүмкін еді. Сондықтан үй егелерінің, әулетіміздің атынан жауапкер­шілік жүгі жоғары сала қызметкерлеріне алғыс айтамыз, – дейді Бақыт Қуатбекұлы.

Редакцияға осы жағдайларды баяндауға келген азамат сынақпен бетпе-бет келген отбасыға Тереңөзек кенті әкімдігі мен №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей әкім­шілігі тарапынан да көмектер көрсетіліп жатқанын айтты. Жергілікті газетті аудан тұрғындары тұрақты түрде оқитынын ескеріп, жанашыр жандарға басылым арқылы ризашылығын білдірді. Біз де қиындыққа тап болған отбасыға амандық тілеп, қиындықтың бәрі артта қалып, тек жақсылықтар болуына тілектестігімізді білдіреміз.

«ТТ» ақпарат
17 қаңтар 2023 ж. 583 0