Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да жол апаты салдарынан 25 тонна күкірт қышқылы далаға төгілді

ШҚО-да жол апаты салдарынан 25 тонна күкірт қышқылы далаға төгілді

Шығыс Қазақстанда Қатонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылы маңында  96 проценттік күкірт қышқылын тасымалдап келе жатқан көлік аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат салдарынан 54 жастағы  жүргізушіні күйік шалып, ол ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар 25 тонна қауіпті реагент 50 шаршы метр аумаққа тарап, ондағы топырақ пен тіршілік атаулыға зиянын келтірді. Әзірше ластанған жерге 15 тонна әк жеткізіліп, беті сонымен жабылды. Алайда ары қарайғы залалсыздандыру жұмысы осы жүк тасымалына жауапты мекемеге міндеттеледі. Әзірге осы апатқа жол берген мекеме басшылығына айыппұл салына ма, әлде қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма, белгісіз. Өйткені зиянды қоспаның қанша метр тереңдікке дейін сіңіп кеткені залал мөлшері алдағы уақытта анықталады.

Өлке бас экологының айтуынша, апатқа қауіпті жүк тасымалдау талаптарының өрескел бұзылуы себеп болған.

Данияр Алиев, облыстық Экология департаментінің басшысы: - Өкінішке орай,  автокөлік жүргізушісі 96% күйікпен ауруханаға жеткізілген болатын, дәрігерлер өмірін сақтай алмады.Ол кісі көз жұмды. Негізінде апат болмау үшін оны сондай қауіпті жүкті бірнеше көлікпен қоршау болуы керек, жанында  көлік жүруі керек еді, Ол болмаған. Сол апатқа әсер етіп отыр.

07 қазан 2022 ж. 210 0