Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүк көлігі аударылып, 40 тонна жанармай жерге төгілді

Жүк көлігі аударылып, 40 тонна жанармай жерге төгілді


Ош – Баткен – Исфан жолының 125-шақырымында бензин тасымалдайтын көлік аударылды. Жерге 40 тонна жанармай төгілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Апат орнында өрт сөндіру қызметі де жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиға салдарынан жапа шеккендер жоқ. Жүк көлігінің құлауына жүргізушінің рөлге ие бола алмауы себеп.
Мұндай жағдай елде бірінші рет болып отырған жоқ. 16 қаңтар күні Бішкек-Ош трассасының 386-шақырымында дизель отынын тасымалдайтын жүк көлігі аударылды. Бұдан өзге осыған ұқсас жағдай 20 қаңтар күні тіркелді. Ол кезде мұндай жүк көлігі өзенге аударылып, 2,9 тонна балық қырылған болатын.

06 ақпан 2018 ж. 1 183 0