Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жамбыл облысында заңсыз сауданың жолы кесілді

Жамбыл облысында заңсыз сауданың жолы кесілді

Бүтіндей бір қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме басшылығы 30 шақырымдық жарамды құбырды сатып жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз әрекет Жамбыл облысындағы Қаратау қаласында анықталып отыр. Аудан әкімдігіне қарасты «Игілік» көпсалалы мекемесінің басшылығы жарамды су құбырын, қара металл ретінде саудалаған. Оны 60 млн теңгеге бағалап, жарты ақшасын алып та қойған. Дегенмен дер кезінде аудан прокурорларының араласуымен, заңсыз келісімшарттың жолы кесілді. Мамандар су құбырының өте төмен қаржыға бағаланғанын мәлімдеді.

Нұржан Әділов, Талас ауданының прокуроры:

- Аталған құбырлар сатылу кезінде, сынық метал деп көрсетілген. Сонымен қоса бағалау актісі жоқ. Нақты бағасы 159 млн теңгені құрады. Құбырлар бойынша келісімшарт толығымен бұзылып, қазіргі уақытта мемлекет меншігіне қайта қайтарылуда

01 қазан 2022 ж. 434 0