Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ТОСҚАУЫЛ

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ТОСҚАУЫЛ

Қазіргі уақытта адамдарды заңсыз тасымалдау мәселесі басты назарда. Осы орайда облыс аумағында такси қызметін заңсыз жүзеге асыратын тұлғалармен тиісті жұмыстар атқару қолға алынған. Бұл өз кезегінде тұрғындар тасымалымен айналысатын такси қызметін жолға қойып, қызмет сапасын арттырады. Осыған байланысты аудан орталығында рейд ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кенттегі такси тұрақтарында мамандар фото құрылғыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, салық заңнамасын қолдану жөнінде жаднама таратты. Мұның барысында заңсыз тасымалмен айналысуға болмайтындығы ескертілді. Оған қоса БСАЖ бағдарламасында такси қызметін жүзеге асырушы ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерді жүктеп, визуалды бақылаумен оның ішінде қызметін уақытша тоқтата тұра қызметін жүзеге асырған салық төлеушілерге, салық есептілігі нысанын қайта табыс етуді, әрекетсіз салық төлеушілер санын азайтуды және такси қызметін заңсыз жүзеге асырғандарды кірістер басқармаларына тіркету жұмыстары жүзеге асырылды.

«ТТ» ақпарат
20 шілде 2019 ж. 831 0