Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Нұрлыбек Нәлібаев 2 жасар сәбиді құтқарған Арман Аманжоловқа пәтер кілтін табыстады

Нұрлыбек Нәлібаев 2 жасар сәбиді құтқарған Арман Аманжоловқа пәтер кілтін табыстады

Елімізде ерлігімен көзге түсіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген азаматтар аз емес. Жақында ғана бұл тізімге қызылордалық тағы бір жас қосылды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Өткен аптада қала орталығындағы «Универсам» шағын ауданында оқыс оқиға орын алып, екі жарым жастағы сәби ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Аралдан арман қуып, оқуға келген 15 жастағы Арман Аманжолов оқиға сәтінде көзсіз ерлікке барып, баланы құдықтан алып шықты.

Бозбаланың батырлығына тек жерлестері ғана емес, тұтас ел болып қуанып, ерлігіне тәнті болды. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев педагогтардың тамыз кеңесінде мұқалмас ерік-жігерімен, табанды тәуекелге барған аралдық Арманға демеушілер көмегімен пәтер кілтін табыс етті.

– Мемлекет басшысы тарапынан азаматтарымыздың мұндай ерекше батыл қимылдарын елеусіз қалдырмай, өзгелерге үлгі ету туралы ұстанымы аясында бүгін Арман батырға, оның ата-анасына барша Сыр елінің атынан зор ризашылығымызды білдіремін. Бүгінде аймағымызда жомарт жүректі жанашыр азаматтар жетерлік. Сол демеушілердің атынан бүгінгі бейбіт күннің батыры болған бозбалаға баспана кілтін табыс етеміз.

Қарапайым ғана ауыл баласының бұл ерлігі өзі сияқты қатар жүрген балаларға үлгі болсын, елдің ішінде осындай азаматтар көп болсын,-деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, Арман Аманжолов Универсам шағын ауданында кәріз құдығына түсіп кеткен 2-3 жастағы баланы алып шыққан болатын.
26 тамыз 2022 ж. 357 0