Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордалық жасөспірім құдыққа құлап кеткен сәбиді құтқарды

Қызылордалық жасөспірім құдыққа құлап кеткен сәбиді құтқарды

Қызылордада 15 жастағы жасөспірім кәріз құдығына құлап кеткен 2 жастағы сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің бірінде болды. 2007 жылы дүниеге келген Арман Аманжолов облыс орталығындағы колледжге оқуға түсуге құжат тапсыруға келген.

Көшеде келе жатқан сәтінде сәбидің кәріз құдығына құлап кеткенін байқаған. Ойланбастан құдыққа түсіп, баланы сыртқа алып шықты.

«Сол сәтте баланы құтқарудан басқа ойым болған жоқ. Сәбидің аман-есен қалғанына қуаныштымын», - дейді ол.

Арал аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, жасөспірім Бөген ауылында №20 З.Шүкіров атындағы орта мектепте тәлім алған. Көпбалалы отбасында дүниеге келген ол жастайынан ата-анасының қолғанаты, бауырларына қамқоршы болып өскен.
22 тамыз 2022 ж. 457 0