СҚО-да 116 отбасы баспаналы болды
Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 116 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Үйдiң ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» Басқарушы директоры Арман Махатов қатысып, қоныс иелерiне пәтер кiлттерiн табыстады.
«Сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй» бағыты бойынша жыл соңына дейiн Петропавлда тағы 96 қалалық баспанаға ие болады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» соңғы 2 жылдың iшiнде облыс орталығында 22 мың шаршы метр құрайтын 410 пәтердi қолданысқа берген.
Айта кету керек, пәтердi жалға алу мерзiмi 20 жылды құрайды. Бұл мерзiм аяқталған соң пәтер жалға алушының меке меншiгiне өтедi. Баспанаға ие болғандар 1 шаршы метр үшiн 772 теңге төлейдi.
Құмар Ақсақалов пәтер кiлтiне ие болған қала тұрғындарының шаңырақтарына бас сұғып, қоныстоймен құттықтады.

«Бұл үй ұзақ жылдардан берi кезекте тұрған мүгедектер, жетiм балаларға және басқа да әлеуметтiк-әлжуаз топтардың өкiлдерiне тапсырылып жатыр. Былтыр 1000 пәтер қолданысқа берiлсе, биыл 1209 пәтер салынады. Бұл 20 пайызға көп. Жыл соңына дейiн 10 көпқабатты үйдi салып бiтiремiз», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өз құттықтауында.Баспананы кезекте тұрған азаматтар «сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй» бағыты бойынша алды. Аталмыш бағыт көпбалалы және толық емес отбасылар, жетiмдерге, мүгедектерге және басқа да топтарға арналған. Барлығы 36 бiр бөлмелi, 58 екi бөлмелi және 22 үш бөлмелi пәтер тапсырылды.