Сақинаны шешуге құтқарушылар көмектесті
Петропавлда 11 жасар қыздың сақина таққан саусағы ісіп кетіп, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 11 жасар қызға әжесі күміс сақина сыйлаған. Алайда жасөспірімнің қуанышы көпке бармады. Сақина таққан саусағы ісіп кетіп, өздігінен шешілмейтін болғандықтан құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді.
«22 ақпан күні таңғы сағат 10.00 шамасында хабарлама түсті. Жедел түрде жеттік. «Операция» шамамен 4 минутқа созылды. Мұндай шақыртуларға жиі барамыз, тәжірибеміз мол. Кейде алтын, күміс бұйымдарды, ер адамдардың сақиналарын кесіп шешуге тура келіп жатады. Алайда көбіне жастардан, соның ішінде бойжеткендерден шақырту жиі түседі», - дейді СҚО ТЖД жедел құтқару отряды құтқару бөлімшесінің бастығы Виктор Держанский.
Маманның айтуынша, соңғы уақытта мұндай жағдайлар жиіледі. Адамдар ұнаған әшекейді тезірек алуға тырысады, көпшілігі оның өлшеміне мән бермейді. Салдарынан уақыт өте келе саусақ қызарып, ісіп, солқылдап ауырады. Мұндай жағдайда сақинаны өздігінен шешу мүмкін емес.
4 күн бұрын құтқарушылар 15 жасар жасөспірімге көмектесіп, сақинасын шешкен.