Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлда көлді жалғыз кезіп жүрген аққу құтқарылды

Петропавлда көлді жалғыз кезіп жүрген аққу құтқарылды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «СЕВКАЗЭНЕРГО» мекемесінің жылы каналының маңындағы көлді жалғыз мекендеп жүрген аққу құтқарылды. Қанаты әлсіз құс ұяластарына ілесе алмай, теріскейде қалып қойған.

Жалғыз аққуды ең алдымен қала тұрғындары байқаған. Әлеуметтік желілерде жарияланған құстың суреті көпшіліктің аяушылығын туғызды. Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары бірден назарға алған.
«Қазіргі мезгілде құстарға жан сақтау оңай емес. Жердің бетін қар басып, қорек азайды. Көлдер қата бастады. Ішетін су да шамалы. Оларға түрлі жабайы аңдар мен иттер де қауіп төндіреді. Әдетте мұндай құстар қамыс арасында тығылып күнелтеді. Бізге аққудың көлде жүргендігі жайында ақпарат түсісімен, құтқарушылар Саян Ахметжанов пен Таыр Мәдиев оны құтқаруға аттанды. Қайықпен жүзіп отырып, құсты ұстап алды», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департемнттің жедел-құтқару отрядының бас құтқарушысы Гүлмира Тұяқ.
Аққу Петропавл ботаникалық бағының қызметкерлеріне тапсырылды. Бақ қызметкерлерінің айтуынша, құстың жағдайы жақсы. Тек ұяластарын іздейтін көрінеді.
04 қараша 2018 ж. 1 083 0