Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің отбасымыз есірткіден алыс

Біздің отбасымыз есірткіден алыс

«Отбасы - ошақ қасы» демекші, әрбір іс-әрекет, тәрбие, салт-дәстүр барлығы осы отбасынан басталатыны айдан анық. Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта.Адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көріне бастауы, отбасындағы тәрбиеге байланысты. Менің отбасым үлкен. Атам, әжем, әкем, анам, екі інім және өзім. Отбасымызбен салауатты өмір салтын ұстанамыз.

Таңертеңгілік аш қарынға жылы су ішеміз, жаттығулар жасаймыз. Тамақтану тәртібін ұстанамыз. Бос уақытымызды сүйікті істермен айналысып, шахмат ойнаймыз. Мен анама көмектесемін, інім атам мен әкеме көмек береді.Кіші інім төрт жаста.Біздің отбасымызда ішімдік ішетін,темекі шегетін жан жоқ.Бірде теледидардан есірткі жайлы көрсетіп жатты. Мен әкемнен «Есірткі дегеніміз не?»-деп сұрадым. Әкем маған жақсылап түсіндірді. Мен адамдарды түсінбеймін? Есірткінің зиян екенін біле тұра, неменеге соған құмар болады екен? Әкемнің сөзінен түсінгенім қайдағы керек емес іс-әрекеттермен айналысқанша, өзіңе пайдалы әрекет жасағанын дұрыс қой. Туған жеріңе, отбасыңа, айналаған қоршаңа тырнақтай болса да, пайдалы жұмыс атқарғаның орынды. Өмірде тек бүгінгі күнмен өмір сүрмеу керек. Болашаққа қолыңды созып, өзіңді сауатты да саналы болуға тәрбиелеуің керек. Біз отбасымызбен еңбекті сүйетін жандармыз. Агарод егіп, мал ұстаймыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -деген қазақ мақалы отбасымыздың ұраны деп айтсам, артық айтқаным емес. Анам сиыр сауып, ыстық сүті мен қатығын отбасымызға азық етіп беруден,шөлді қандыратын айранын пісуден еш шаршаған емес. Інім 3-сыныпта оқыса да, атам мен әкеме агародқа көмек беріп, мал жайғасысады. Бос уақытымызда әдеби кітаптар оқып, мақал-мәтелдер айтып жарысамыз.

Есірткі – адамның миын улайды, рухани аздырады. Менің өз ойым адам баласы есірткіге не үшін барады? Деген сұраққа былай жауап берер едім. Адам баласы есірткі деген жаман нәрсеге сана сезімінің төмендігінен, ата-анасының берген ақылын бойына сіңдіре алмағандығынан және бос уақыты көп болып,еңбекке қабілеті болмағандықтан барады деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім.Ешқандай ата-ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді. Ата-анамыз таңнан кешке дейін еліме қызмет етіп,отбасын асырап келеді.Әкем-бас есепші, анам-мұғалім.Осындай отбасында дүниеге келіп,ата-анамнан жақсы тәрбие алып жатырғаныма мен Аллама шүкіршілік етемін. Отбасымда темекі шегіп, арақ ішетін жан жоқ.Соны көріп, өсіп жатырған менің інілерім және мен «Наша» деген жаман ұғымға, әдетке бармасымыз анық.Осы жолға түсіп,өмірде қателіктерге бой түзеп жатырған жандарға айтарым
Өмір деген біреу ғана,
Екі келмес басыңа
Сол өмірде бақытты бол
Жабырқама жасыма!-деп айтқым келеді. Өмірге Аллам адам қылып жаратқан соң, адам болып өмір сүру керек. Салауатты өмір салтын ұстанып отырған отбасымды әрдайым қолдап, мақтан етіп жүремін. Ата-әжеме, әке-анама мықты денсаулық пен күш жігер тілеймін. Біздің отбасымыз нашақорлыққа қарсы және оған ешқашан жол жоқ. Біз еліміздің көркейуі мен отбасымыздың тамыры тереңге таралуына күш жұмсаймыз. Сабағымды жақсы оқып, ата-анамды әрдайым қуантқым келеді.Сыныптастарыма да отбасымыздағы салт-дәстүр мен тәрбиелік іс-шараларымызды айтып отырамын. Олар мені ұйып тыңдайды. Олардың отбасында да болып жатырған жақсы әдеттер мен оқиғаларды өз отбасыма айтып отырамын. «Жақсы сөз жарым ырыс» - демекші жақсы сөз айтып, тәрбиелі іс жасаған әрбір отбасынан аларымыз әлі де көп. Тоқшылықтар отбасы, тек қана алға!

Қымбат Тоқшылық,
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 5 «В» сынып оқушысы 
10 ақпан 2021 ж. 558 0