Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордалықтар 1 аптада 32 мылтық өткізген

Қызылордалықтар 1 аптада 32 мылтық өткізген

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ сатып алу акциясын жариялаған 1 шілдеден бері 14 қызылордалық аңшы мылтықтарын полицияға әкеліп берген, – деп хабарлайды Хабар 24.

Шалғайдан шалып түсер ұзын ұңғылы бесатарын тасада тығып, заңсыз сақтап келген тұрғындар қомақты қаржыға айырбастайтын болған соң өз еркімен өткізіп отыр. Алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты 10 мен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тағайындалады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қозғалмайтын акция барысында барлығы 32 берен мылтық пен оқ-дәрілер жинақталды. Акция жыл соңына дейін жалғасады. Сондықтан арнайы органдарға тіркелмеген қару-жарағы бар азаматтар бытыра мен қорғасын бүркетін темірді ақшаға айналдырып үлгергені жөн.

Нұрмахан Пазылов, ОПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Елімізде болып жатқан карантинге байланысты барлық сақтық шараларды сақтай отырып, облыс тұрғындарын тіркеуде жоқ заңсыз сақтаудағы қаруларды, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.


12 шілде 2020 ж. 1 141 0