Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Атыс қаруы, оқ дәрілер және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды

Атыс қаруы, оқ дәрілер және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап ел аумағында атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Бұл туралы аудандық полиция бөлімі хабарлады.

Акция барысында тұрғындар өз меншіктеріндегі атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттардыаудандық полиция бөліміне өткізуі тиіс. Оған белгілі бір мөлшерде ақы төленеді. Бұл атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, аталған акция Қызылорда облыстық полиция департаментінің №1-5-50/2151-И санды нұсқауына сәйкес ұйымдастырылуда. Бүгінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Акция жылдағы жоспарға сәйкес жоғары деңгейде қорытындыланады деп күтілуде. Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің тиісті мамандары жұмылдырылған.
03 шілде 2020 ж. 939 0