179 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Төтенше жағдай кезеңінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен 179 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев мәлімдеді.
Мысалы, Шиелі кентінде бірнеше компьютерлік клуб жұмыстарын жалғастырғаны үшін иелері сот қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Блок бекеттер қойылғанына қарамастан оны айналып өтпек болған 11 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдай режимін бұзу жағдайлары бойынша қолданылатын жазаны барынша қатаңдатуды тапсырды.
Бұл ретте, төтенше жағдай кезінде белгiленген режимдi бұзу, талаптарды орындамау, көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары бойынша қатаң шаралар қабылданатынын ескертеміз.
Қызылорда облысының прокуратурасы