Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тереңөзекте дүкен иесіне айыппұл салынды

Тереңөзекте дүкен иесіне айыппұл салынды

Жақында аудан көлемінде құрылған бірлескен арнайы топ рейдтік іс-шара жүргізді. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасында жарияланды.   Рейд барысында 30.03.2020 жылы Тереңөзек кентінде үй жайда орналасқан дүкенін тексеру кезінде кент тұрғыны бетіне бет перде, қолына қолғап кимегені және нан-тоқаш өнімдерін бөлек арнайы салғыштарға (пакеттерге) буып түймегені анықталып, яғни карантин және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шарасын орындамағаны үшін аудандық полиция бөлімімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған. 
Нәтижесінде сот кент тұрғынын кінәлі деп танып, оған 10 АЕК (26510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұл ретте, аудандық прокуратура аудан тұрғындарын қазіргі таңда елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде «COVID-19» індетіне байланысты жалған мәлімет таратқан және төтенше режимін бұзғандығы үшін, Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
02 сәуір 2020 ж. 1 481 0