Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Тереңөзекте дүкеннен зат ұрлаған азаматтардың видеосы жарияланды

Тереңөзекте дүкеннен зат ұрлаған азаматтардың видеосы жарияланды

Аудан орталығындағы ірі сауда орындарының бірі «Серікбол» дүкені өзінің инстаграмм әлеуметтік желісіндегі ашық парақшасында дүкеннен зат ұрлаған азаматтардың видеосын жариялады. Желіге жүктелген алғашқы видеода екі азаматтың шай ұрлағаны түсірілсе, екіншісінде сатылымдағы тауарды киімнің арасына орап, жасырын алып шықпақ болған азамат түсіп қалған.
Дүкен әкімшілігі инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «Serikbol.sauda.ortalygy» атты ашық парақшасында: «Ұрлық болған жағдайда инстаграмм желісіне салып әшкерелейміз деп хабарлаған болатынбыз. 16.01.2020 жылы сағат 17.23 шамасында болған үлкен ұрлықты іште емін-еркін тепсе темір үзетін 3 азамат жасап, ұсталды. Сауда орталығының ішінде 32 бағытта түсіп тұрған бейнебақылау кірген кезінен бастап, шығып кетіп, қандай автокөлікке мінгендеріне дейін көрсетіліп тұр. Ішкі істер қызметкерлеріне тапсырылды» деп мәлімдеген.
Бүгінде аталған екі видеоның астына пікір білдірушілер көп. Желі қолданушылары ер азаматтардың ұятты іс жасағанын, келесіде ұрылардың аты-жөнін жариялау керектігін айтқан.

«ТТ-ақпарат»

19 қаңтар 2020 ж. 2 515 0