Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


Жақында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ашық Азаматтық қоғам» ақпараттық ресурстық орталығы «Контентті дайындау, жариялау және жарнамалау тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Оған қала, аудан әкімдіктерінің және облыстық басқармалардың баспасөз хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын сала мамандары, тілшілер мен журналистика факультетінің белсенді студенттері қатысты.
Қала орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітап­­ханасында өткен семинар-тренингті облыстық ішкі саясат басқармасының интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің басшысы Рақымжан Әбубәкір ашып, іс-шараның маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Дамыған Сыр елі» тақырыбында ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Семинар-тренингті жүргізген «El. kz» сайтының бас редакторы, блогер, «MediaNet» журналистер орталығының үйлестірушісі Бэлла Орынбетова әлеуметтік желінің әлеуеті, ақпараттардың шынайылығы және контентті дайындау мен жариялау жөнінде кеңінен мағлұматтар берді. Ақпараттық кезеңде ғаламтордың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану қажеттілігі туралы нақты мысалдар көрсетті. Сондайақ, фейсбук, телеграмм, В-контакте, инстаграмм, твиттер секілді әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау және жетістіктерді кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын түсіндірді. Қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларына жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысымен таныстырып, «Сырдария ауданының әкімдігі» ресми парақшасының жұмысына оң баға берді.
Ақпараттық кеңістік артықшылықта­­рын түсіндіру бағытында өткен іс-шараға аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Әбілдаев қатысты. Семинар-тренингке қатысушыларға арнайы сертификат берілді.


Е.БЕРКІНБАЕВ
01 желтоқсан 2018 ж. 2 365 0