
300 шақырым қашықтықтағы атақоныс
Таңсәріде Қызылорда қаласынан күн шығысты бетке алып жолға шықтық. Бағытымыз – кезінде ел жайлап, ата қоныс болған – Мойынқұм, Қарақұм жері. Жол талғамайтын әйдік қос «Джип» көлігімен келеміз. Өзіміз сегізбіз. Алдыңғы көлікте 82 жастағы қария Кәрібай Аяхметов, облысқа белгілі кәсіпкер Алмаз Рахмет, еңбек...















