
ТАҢДАЙЫНДА ӨЛЕҢНІҢ ҰЯСЫ БАР
ХІХ ғасырдағы қазақ халқының айтыс өнерін қозғағанда оның құзар шыңындағы Ұлбике ақынды бөліп айтамыз. Өйткені, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында артына өшпестей мұра қалдырған әйгілі ақын қайым айтыстың нақ үлгісін көрсетіп, дара дарынымен көпті тәнті ете білген. Жастайынан ақындығымен танылған Ұлбике...











