Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл туралы афоризмдер

Гүл туралы афоризмдер


8 наурыз мейрамына санаулы күн қалды. Нәзік жанды арулар мерекесінің атауын естігенде нәзік жаратылысты гүлді қатар елестетеміз. Мереке қарсаңында гүлдер туралы афоризмдер ұсынуды жөн санадық. Сүйікті қызыңызға не аяулы анаңызға теліп айтсаңыз да, қыздарға айтар тілек арасына қосам десеңіз де ерік өзіңізде. 

1. Гүлдер — табиғаттағы ең еркін сұлулық. 

Иммануил Кант 

2. Гүлдер — жұмақтың жерде қалған қалдығы. 

Иоанн Кронштадтский 

3. Ақылды адамдар — хош иісті гүлмен тең. 

Бертольд Авербах 

4. Гүлдердің өз тілі бар. Олар үндемегенімен, түсіне білгенге көп сыр шертеді. 

Kabhi Alvida Naa Kehna фильмінен 

5. Әйел адамдарға гүл ешқашан артық етпейді. 

Оскар Уайльд 

6. Раушан гүлін жақсы көретін жанның мейірімсіз болуы мүмкін емес. 

Робин Маккинли 

7. Өмір театр секілді. Гүлді сахнадан кеткеннен кейін береді. 

Яна Джангирова 

8. Махаббат көп жерде гүлдер әрдайым аз болады. 

Леонид Сухоруков 

9. Қыздарды тек сөзбен емес, гүлмен де алдауға болады. 

Михаил Хороманский 

10. Кездесу орнында тасталған гүл ызамен жылайды. 

Вадим Синявский 

11. Қараңғыда барлық гүл бірдей. 

Френсис Бэкон 

12. Әйелдер гүлге ұқсайды, олар тәжірибелі бағбанға мұқтаж. 

Богдан Любушкин 

13. Гүлсіз әйел – әйелсіз еркек секілді. 

Игорь Субботин 

14. Әлемдегі ең әдемі гүлдер де қоқысқа лақтырылады. 

Степан Балакин 

15. Адамдар ең көп гүлді оның сұлулығымен, хош иісімен рахатқа бөлене алмайтын кезде алады. 

Э.Севрус
02 наурыз 2019 ж. 2 484 0