Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты ағайын!
Қадірлі сырдариялықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын айрықша күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көптеген биік белестерді бағындырды. Мұның барлығы да бүгінгі Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Ел халқының бірлігі мен берекесін бекемдеп, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-несібе, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Тұңғыш Президент күні мерекесі құтты болсын! Еліміз, Елбасымыз аман болсын!

Құрметпен,
Руслан Рүстемов,
Сырдария ауданының әкімі
01 желтоқсан 2019 ж. 1 545 31

Giani Coconeln от 24 қаңтар 2020 11:59
Altogether delightfully article . I couldn't coincide more on the information provided. What do you think close to my site ? 362 leti