Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАҺАРБЕК НҰРСЕЙІТОВТЫҢ ШЫМШЫМАЛАРЫ

ШАҺАРБЕК НҰРСЕЙІТОВТЫҢ ШЫМШЫМАЛАРЫ

Көріпкел
Маған құрылған «қақпанды»,
Тез аңғарды «көріпкел».
Маңдай термен тапқанды,
Деді,-бірақ бөліп бер.

Пайдакүнем жүргізушіге

-Төлеп тұрғаның бір сом ба?
-Мә жиырма тиынға билет дейді.
Түсер сәтте оны да,
Тастап кетші керек дейді.


«Күшті» болған...

Бұрын бірнеше рет ұрлық жасап,
Істі болған.
Қазір сыраға су қосып сатып,
«Күшті» болған.

«Жоқпен» күнің өте ме?


Қарыз сұрасаң ақша жоқ дейді
Сынасаң сөз өтпейді
Үш-төрт айда екі-үш мәшине алды
Баяғы совхоздарды «ептейді»



Қасапшының ақыры

Күн ара ұрлап бір қап ет
Байлыққа әбден жырғап ет
Бес жылғы қылмыс ашылып
Он жылға кетті Сырғабек

Бір лекторға


Лекциясының тақырыбы,
Үнем мен ұқыптылық.
Бірақ кейде лағып кетеді,
Көбіне сөндіруді ұмытып,
Кеңсенің жарығын жағып кетеді.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ,
"БЕУ бойдақтық" кітабынан алынды







14 тамыз 2019 ж. 608 0