Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды


Алматы қаласының полиция қызметкерлері пәтерлерді тонап, автокөліктерді ұрлап келген қылмыстық топты құрықтады.

Бұл туралы  Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, Алматы облысы Жамбыл ауданының үш тұрғыны бірігіп тонаушылықпен айналысқан. Ұсталғандардың екеуі бұрын мүліктік және ауыр қылмыстарға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.
«Негізінен, бұл азаматтар басқа адамдардың көліктерін ұрлап кеткен. Олар төрт рет үй тонап, автокөлік ұрлаған. Қылмыскерлер үйді тонау кезінде көліктің қосалқы кілттерін тауып алып, ұрлап кеткен. Содан кейін көлік иелерін аңдып, бірнеше күн өткен соң олардың автокөліктерін ұрлап кетіп отыр. Бұған қоса, олар  бағалы заттар мен цифрлық технологияларды да қолды қылған»,-деді Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция басқармасында.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
15 мамыр 2018 ж. 1 273 0