Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЛІКТІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҒАЙЫҚ

КӨЛІКТІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҒАЙЫҚ

Көліктердің әлі де болсын механикалық қозғалтқыштармен жұмыс жасап келе жатқанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Бірақ бұл қозғалтқыш бұзылмайды деген сөз емес. Оның да әлсіз жері, сынатын тұстары бар. Соңғы 20 жыл ішінде механикалық қозғалтқышпен жүретін классикалық көліктердің орнын автомат қорапты қозғалтқыштар басып келеді. Қазірдің өзінде бұл үрдіс кең етек ала бастады. Дегенмен классиканы сүйетін ұрпақ әлі ауысқан жоқ, сондықтан механикалық қозғалтқыштың әлі де жол бойында жүретіні анық, бірақ бәрі бірдей механиканы бес саусағындай біле бермейді. Ең мықтымын дегендердің өзі қателесіп жатады.
МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕ ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІК
Классикалық көліктерді тізгіндеген жүргізуші үшін әдетке айналып кеткен кейбір қателіктер оның механикалық қозғалтқышын істен шығаруы мүмкін. Мәселен сол жақ ажырату басқышымен дисктің бұзылуы және де басқа түрлі ақауларға алып келуі.
ҚОЛЫҢЫЗДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ТҰТҚАСЫНДА ҰСТАУ.
Бұл жаман әдет кез келген жүргізушінің механикалық қозалтқышы бар көлікке отырған кезде жасайтын әрекеті немесе өздерін «Форсаж 8» фильміндегі Доминик Торрето секілді сезініп кетулері. Бұл жерде сіздің автоматты не механикалық қозғалтқышы бар көлікте кетіп бара жатқаныңыз маңызды емес. Егер қозғалтқышы механика көлікпен келе жатып абайсызда қателік жасап қойсаңыз, ( қозғалтқышты келесі жылдамдыққа салып қалу) тетіктің қысымы қораптың бөлшектеріне зақым келтіреді.
АЖЫРАТУ БАСҚЫШЫН ТОЛЫҚ БАСПАУ.
Бұл қалыпты жағдайда орын алып тұратын қателіктердің бірі. Мәселен көлікті оталдырып, жүргізген кезде металдың қырылы секілді дауыс шығады. Егер көліктің ішкі құрылымы дұрыс болса, онда бұл дауыс ажырату басқышын толық баспағаннан орын алады. Осы әрекет жиі қайталана берсе көліктің механикалық қозғалтқыш қорабы істен шығады немесе көлік жүреді, ал жағымсыз дауыс қалып қояды.

Ажырату басқышына аяқты салып отыру.
Мұндай жағдай көлікті енді жүргізіп бастаған «балмұздақ» жүргізушілерде жиі орын алады, кейде біліктілердің өзі бұл қателікті жасайды. Көлік оталып, жылдамдық қосылып, қозғалтқыш іске қосылған кезде аяқты ажырату басқышынан аулақ ұстаңыз. Себебі түрлі жағдайлар орын алады, сол кезде ажырату басқышын керек емес тұста басып, немесе салмақ түсіріп отырсаңыз жоғарыда атап өткен ақаулар орын алады.
Ажырату басқышы істен шыққан кезде не істеу керек?
Алыс жолға немесе жолда келе жатқан жүргізуші үшін бұл үлке мәселе. Мұндай жағдайда ең дұрыс шешімі эвакуатор шақыру. Ал оған мүмкіндік болмаса көлікті қалдырып үйге дейін жаяу не басқа көлікпен жетіп алыңыз.
Қозғалтқышы механикалық көліктер тескеру керек тағы бір нәрсе бар.

Жоғары жылдамдықпен жүру. Автоматты қозғалтқыштарда аты айтып тұрғандай жылдамдықты арттыру үшін көлік бәрін өзі автоматты түрде ауыстырып отырады. Ал механикада ол тікелей жүргізушіге байланысты. Бұл жерде кететін қателіктер жүргізушілер 30-40 км/с жылдамдықты бесінші қозғалтқышқа салып жанындағы көліктен озып кетуді ойлайды. Дәл осы салмақ ең бірінші көліктің негізгі қозғалтқышына түседі одан кейін механика қорабына.

Көлікке де адамға жасаған күтімдей күтім керек. Ақ жол!


12 тамыз 2019 ж. 848 0