Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ресейлік қысқа шұжықтар жеуге жарамсыз

Ресейлік қысқа шұжықтар жеуге жарамсыз


«Росконтроль» коммерциялық емес ұйым бес брендтің «докторлық» қысқа шұжықтарын сараптамадан өткізіп, олардың жеуге жарамсыз екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ruсайтына слітеме жасап.
Мамандар «Микоян», «Рублевский», «Мясной дом Бородина», «Дымов» және «Ближние горки» брендтерінің тауарларын сараптамадан өткізді. Олардың барлығы өндірушілердің мәліметі бойынша шошқа немесе сиыр етінен жасалған. Алайда, тексеріс нәтижесі бойынша қысқа шұжықтар крахмал мен тауық етінен жасалғаны анықталған.
Сонымен, «Микоян», «Рублевский» және «Мясной дом Бородина» қысқа шұжықтарының құрамында құс етінің үлкен көлемі табылған. Оның үстіне «Микоян» қысқа шұжықтарында сүйектен ажыратылған механикалық құс еті табылған. Шикізаттың бұл түрінің құнарлығы өте төмен», - делінген зерттеу қорытындысында.
Айта кетейік, бұл шұжықтардың құрамынан крахмал да табылған.
Ал, «Ближние горки» брендінің өнімінде майбұршақ ақуызының орнына майбұршақ ұны табылған. Сонымен қатар, өнімнің жағымсыз иісі болған. Бұдан басқа, «Дымов» қысқа шұжықтарында қауіпті анаэробты бактериялар анықталды - осылайша бұл өнімдер қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді.
Мамандар атап өткендей, зерттеуден өткізілген бұл өнімдер тұтынушылардың көңілін өзінің дәмімен және иісімен де қалдыруы мүмкін.
15 мамыр 2018 ж. 1 124 0