Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕЙСЕНБІГЕ ЖҰЛДЫЗ–ЖОРАМАЛ

СЕЙСЕНБІГЕ ЖҰЛДЫЗ–ЖОРАМАЛ

Тоқты
Бүгін күніңіз сәтті басталады. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз тасып, ойға алған ісіңіз жүзеге асады. Жоспарыңызды орындалуына ештеңе кедергі болмайды. Бұрын жанжалда болған жанмен татуласуыңыз мүмкін.

Торпақ

Күніңіз қарбалас өтеді. Күнделікті жасап жүрген ісіңіздің өзінде қиындық туындап, кедергілерге тап боласыз. Сабыр сақтай біліңіз. табандылық танытыңыз. Бұл мінезіңіз көпшілікті тәнті етеді.

Егіздер
Күніңіз бірқалыпты. Алайда күйгелек мінезіңізден көңіл-күйіңіз болмайды. Кейде болмашыға бола ашуланып, соңында қатты ызаға берілесіз. Ал егер сабырлылық сақтай білсеңіз ісіңіз алға басады.

Шаян
Мазасыз, әрі, қарбалас күн. Туындаған мәселелердің біразы аса маңызды болмағанымен, сіз ойыңызды жинақтай алмай, олардың шешімін таба алмай қиналасыз. Ешкімнен көмек күтпеңіз, тек өзіңізге сеніңіз.

Арыстан

Бір жағынан көптен бері сізді де, жақындарыңызды да мазалап жүрген мәселені шешуге мүмкіндік туып тұр. Бірақ өзіңізге деген сенімділігіңіз аз, сондықтан бұл мәселені кейінге қалдырудыжөн санайсыз.

Бикеш
Күнделікті күндердің бірі емес. Орын алып жатқан оқиғалар сізге қатысы жоқ болса да, оларды жүрегіңізге жақын қабылдап, көңіл-күйіңізді түсіресіз. Болашағыңызды жарқын ету өз қолыңызда, сондықтан бүгін жаңа жол таңдайсыз.

Таразы
Уақытты босқа жоғалтпаңыз. Таңертеңнен барлық істі өз қолыңызға алсаңыз, жұмысыңыз нәтижелі болмақ. Түстен кейін қызықты кездесуге барып, тұщымды әңгіме тыңдап қайтасыз.

Сарышаян

Бүгін адамдармен тіл табысуыңыз қиын болмақ. Тіпті бұрын жақсы қарым-қатынаста болған жанмен де келіспей қаласыз. Жұмыста сіздің пікіріңізді елейтін жан болмайды. Бос әңгімемен уақытыңызды «өлтірмеңіз».

Мерген
Егер сабырлылық танытсаңыз, туындаған кез келген мәселені оңтайлы шешесіз. Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Әсіресе айналаңыздығы адамдар жеке өміріңізге араласа бастаса, тек сабыр сақтаңыз.

Тауешкі
Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысасыз. Өзіңіздің ашықтығыңыздың және шынайылығыңыздың арқасында кез келген адаммен жақын араласып кетесіз. Жұмысқа ден қойыңыз, әйтпесе, біраз жаңалықты назардын тыс қалдырасыз.

Суқұйғыш
Күніңіз сәтті өтеді. Түске дейінгі уақытта бірнеше маңызды жұмысты жасап үлгеруіңіз қажет. Оларды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің орныңызда басқа адам болса, шатасып қалары анық. Ең қиын сәттерде достарыңыз көмек береді.

Балықтар
Күніңіз жақсы басталады. Аз уақыттың ішінде ойыңызды бөлген бірнеше мәселеңізді шеше аласыз. Түстен кейін басқа шаруалар шығып, оларды да реттей аласыз. Сіз көп ойланбастан дұрыс шешім шығара білесіз.

13 тамыз 2019 ж. 1 330 0