Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Қызықты идеялар туындап, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Шаруаларыңызды кейінге қалдырмауға тырысыңыз. Барлығын дер кезінде орындаңыз. Сонда ғана жетістікке қол жеткізесіз.

Торпақ
Қаржылық жағдайыңыз оңалады. Ақшаға қатысты жұмысты аса сақтықпен атқарасыз. Қателіктерге бой алдырмаңыз. Сатып алған дүниеңіз көңіліңізден шығатын болады.

Егіздер
Жемісті күн. Кез келген ісіңіз алға басып, күніңіз сәтті өтеді. Бүгін тек жаңа серіктестер ғана тауып қоймай, сонымен бірге жаңа достар табасыз. Олар сізге нағыз дос бола біледі.

Шаян
Күннің алғашқы жартысы қиындық туғызады. Ұсақ-түйек мәселелер жүйкеңізге тиіп, шаршатады. Сондықтан таңертеңгілік маңызды мәселелерді қолға алмағаныңыз жөн.

Арыстан
Отбасыңызда күтпеген жағдай орын алады. Алғашқыда жақындарыңыз сізді бір қорқытып алады. Сонан соң барлығы қалыпқа келіп, мәселенің соңы сәтті аяқталмақ.

Бикеш
Біраз уақыт бұрын аяқсыз қалдырған жұмысты қайта қолға аласыз. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу алғашқыда қиынға соғады. Ақырында табысқа жетудің жолын табатын боласыз.

Таразы
Жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Дегенмен оңай олжа табамын деп ойласаңыз, барлығы бекер екенін естен шығармаңыз. Қаржы жағынан аздаған қиындықтар орын алады.

Сарышаян
Айналаңыздағы адамдармен жұмыс жасасуға сәтті күн. Сіздің іс-әрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін. Алайда сіз сабырлылық таныта біліңіз. өзгелердің сөзіне бола, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз.

Мерген
Күніңіз жайлы өтеді. Туындаған мәселелердің көбісі өздігімен шешілетін болады. Сондықтан оларға бола өзіңізді шаршатудың қажеті жоқ. Күтпеген жерден үйіңізге қонақ келеді.

Тауешкі
Барлық мәселе өз бетімен шешіледі. Алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бүгіннен бастап жаңа бастаманы қолға алуға болады. Ауқымды істерден қорқудың қажеті жоқ. Керісінше оны соңына дейін жеткізгеніңіз дұрыс.

Суқұйғыш
Бүгін шаруа бастан асады. Барлығына үлгеру мүмкін емес. Сондықтан маңыздысын алдыңғы қатарға қойғаныңыз абзал. Әріптестеріңізбен аздаған түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.
Балықтар
Таңертеңгі уақытыңыз сәтті, әрі, жемісті болмақ. Атқарған шаруаңызбен көпшілікті таңдай қақтырып, өзіңіз ойлағаннан да зор нәтижеге қол жеткізесіз. Бүгін көптен ойға алған арманыңыз орындалады.


kyzylorda-news.kz
06 тамыз 2019 ж. 728 0