Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Таңертеңгі уақытыңыз қарбалас, жұмыс көп болады. Дегенмен күніңіз сәтті басталмақ. Кейбір жоспарларыңызды өзгертіп, кейбірінен тіпті бас тартуыңызда мүмкін.

Торпақ
Күніңіз сәтті өтеді. Қызықты іспен айналысып, өміріңізді жаңа бағытқа бұруға талпынасыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол қай бағытта таңдап, нені дұрыс жасау керектігін біледі.

Егіздер
Қарбалас, соған қарамастан қызықты күн болмақ. Бір жағынан жеке өміріңізге қатысты маңызды мәселелер орын алып, мазаңызды қашырса, екіншіден, сіздің сабырлылығыңыз бен тапқырлығыңыз барлық жағдайдан оңай құтылуға септігін тигізеді.

Шаян
Кез келген кездесуге қолайлы күн. Сізді алғаш көрген адамдар сізге сүйсіне қарап, тіпті ұнатып та қалуы мүмкін. Ал ескі таныстар сізге деген көзқарасын өзгертіп, бұрыннан сізді бағалай білмегеніне қапаланатын болады.

Арыстан
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті болады. Барлық шаруа сіз ойлағандай жүзеге асып, жоспар бойынша жүресіз. Шығармашылық ізденістеріңізді кейінге қалдыруға боламйды. Шабытыңыз келіп тұрған шағында қызықты идеяларыңызды жүзеге асыра біліңіз.

Бикеш
Бүгінгі күн жағымды жаңалықтарымен қуантатын болады. өзіңіздің дұрыс бағытта келе жатқаныңызды білесіз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз күш-жігеріңізді арттырып, жұмысқа білек сыбана кірісесіз. Өзіңізді және жақындарыңызды алаңдатқан мәселенің түйіні де шешілетін кез келді.

Таразы
Таңыңыз жағымды жаңалықтармен атып, күніңіз сәтті өтеді. Әріптестеріңіз немесе серіктестеріңізбен ешқандай кикілжің туындай қоймайды. Керісінше сіздің ортаңыз қызыққа толы, барлығы ауызбіршілікте болады.

Сарышаян
Жұмысқа қатысты маңызды мәселелерді тез арада шешуге тура келеді. Серіктестермен келіссөздер жүргізіп, қаржылық мәселені нақтылап алыңыз. Қызметтік сатыда өсуді қаласаңыз, онда көп жұмыс жасауыңызға тура келеді.

Мерген
Күніңіз сәтті басталады. Таңертеңгілік уақытыңыз қызықты, әрі жемісті болмақ. Жұмысқа қатысты келіссөздер жүргізіп, қызықты ұсыныстар алатын боласыз. Түстен кейін ойламаған жерден жолға шығасыз. Сіз бұған қуанбасаңыз, ренжімейсіз.

Тауешкі
Жұмыста жетістікке жету үшін көп тер төгуіңіз қажет. Сонымен қатар бүгін маңызды шешім шығаруыңыз қиынға соғады. Қиын тапсырмаларды кейінге қалдырғыңыз келеді. Сол үшін жоспарларыңызды да кейінге қалдыратын боласыз. Дәл қазіргі сәтті енжарлық танытпаңыз, әйтпесе мүмкіндіктерді жіберіп аласыз.

Суқұйғыш
Жақындарыңызбен әңгімелесіп, шер тарқатасыз. Бұрын жанжалда болған жандармен де тіл табысуыңыз мүмкін. Алайда олармен жақын араласу үшін өзіңіз алғашқы қадам жасауыңыз қажет. Материалдық жағдайыңыз да жақсара түседі.

Балықтар
Бұл күнді өзіңіз қызықты етіп өткізесіз. Жаңа іспен айналысуды қалайсыз. Қолға алған істі жүзеге асыру үшін барынша қиялға ерік беретін боласыз. Осы орайда өзіңізді жаңа қырынан танып, осы талантыңызды дамытуға жұмыс жасауыңыз да мүмкін.
04 шілде 2019 ж. 744 0