СІЗ БІЛМЕЙТІН МЕНДЕГІ ҚҰПИЯ
Былтырдан бері мемлекет пен үкіметтің басым бағыты жаппай кәсіпкерлікті қолдауға арналғаны баршаңызға мәлім. Осы Елбасы саясатының арқасында біздер жас кәсіпкерлер кәсіп ашып, қоғамға өз пайдасымызды тигізуге және жұмыссыз жүрген адамдарды еңбекпен қамтуды қолға алдық. Облыста «Кәсіпкерлік жылы» жарияланғаннан бері қолдау да күшейді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жемісін көріп жатырмыз. Мен кәсіп ашып, өз жұмысымды елдің пайдасына шешуді бастаған болатынмын. Облыстық және аудандық бюджет есебінен бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, бизнесімді дамытуға қайтарымсыз қаржы алдым. Биылғы «Жастар жылында» бізге зор мүмкіндік беріліп отыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында үлкен көмек пен қолдау алдық. Біздерге оның ішінде жас кәсіпкерлерге артылған сенімді ақтаймыз.
Жұмыссыз жүрген мыңдаған жастар өз нанын кәсіп ашып, оны әріқарай жетілдіріп өмір сүру сапасын арттыруға, елге сапалы өнім ұсынып, алғысын алса қазақстандықтардың өмірі жақсарары сөзсіз. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің көбі осы кәсіпкерлік саласын жетілдіру арқылы биік белестерді бағындырған. Біздің еліміздің жастары осындай игі істердің жанында жүр. Сондықтан кәсіптен нәсіп табуға ұмтылайық.
Абай ТОҚТАРОВ,
жас кәсіпкер