Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Гепатит А туралы бес сұрақ»

«Гепатит А туралы бес сұрақ»

1) Гепатит А дерті немен қауіпті?
Гепатит А – бауыр қабыну ауруы. Вирус адам организміне түскеннен кейін,  95% жағдайда ауру дамиды. Тараған пікірге қарамастан, вирус шын мәнінде қауіпті. Ал егер дерт бірден анықталмаса, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ауру әсіресе ересек адамдарда ауыр түрде өтеді, ал кішкентай балаларда қайғылы жағдайға соқтыруы  мүмкін. Мысалы,  АҚШ 2001 жылы гепатит А  ауырған5 жасқа дейінгі 200 баланың 1 шетінеді. Бұл аурудың ерекшілігі – жоғары дәрежедегі – жұқпалылығы. Жыл сайын әлемде шамамен бір жарым миллион адам гепатит А дертіне шалдығады.
2) Кім ауруға жиі шалдығады?
Жиі жағдайда гепатит А дертіне мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сынып балалары жиі шалдығады. Бұл олардың бала бақшада, алаңда, мектепте құрбыларының арасында ұзақ уақыт болуына байланысты. Егер бір бала ауырса, дерттің басқаларға жұғуының ықтималдығы аса зор. Аурудың қыркүйек айында шарықтау шыңына жетуі де осыған байланысты. Гепатит А дерті жиі жағдайда «ыстық» елдерден әкелінеді. Ауру бірден білінбейді,  вирусқа шалдыққан бала демалыстан  кейін мектепке немесе бала бақшасына барғанда, ауру анықталады.
3) Аудың басталғанын қалай білуге болады?
Гепатиттің белгілері шамамен үш апта бойына дамиды.Келесі белгілерге әсіресе назар аудару керек:
 - әлсіздік және жоғары дәрежеде шаршау
 - бұлшықеттердің ауыруы
 - бас ауыруы
 - іш ауыруы
 - тәбеттің болмауы немесе төмендеуі
 - лоқсу
 - нәжістің ағаруы
 - зәрдің қоңырлануы
Егер Сіз өзіңізде немесе балаңызда осы аталған белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз. Есіңізде болсын, гепатит А дертіне шалдыққанда тері мен склера сарғаймауы мүмкін. 
4)  Вирус қалай беріледі?
Алуан түрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойына өміршеңдігін сақтайтын гепатит А вирусы өте әлді вирус. Жиі жағдайда балалардың дертке шалдығуы  вируспен ластанған су арқылы – ішкенде немесе суда шомылғанда өтеді. Әрі қарай дерт вирус жұқтырған адаммен жанасқанда беріледі.Вирус, әдетте, мұздатылған азық-түліктерде де сақталуы  мүмкін.
Бұл дертті «лас қолдардың ауруы»  деп жиі атайды. Шын мәнінде, гигиена ережелері сақталмаса  - дәретханадан кейін қолды  мұқият жумасаңыз, Сіз өз денсаулығыңызға қауіп төндіресіз. Вирус түрлі заттар арқылы да берілуі мүмкін. Мысалы, бала лас ойыншықпен ойнап, вирусты жұқтыруы ықтимал. Өкінішке орай, барлық варианттарды білу мүмкін емес. Көптеген науқастар вирусты қайдан және қалай жұқтырғандарын білмейді.
5) Дерттен өзіңді қалай қорғауға болады?
Профилактиканың ең сенімді тәсілі – вакцинация болып табылады.. Ол 6-18 ай үзіліспен жасалатын екі рет егуден құралады.  Кәзіргі кезде арсеналда бар вакциналар (2 ресейлік вакцина, 1 – Франциянікі, 2 – АҚШ, Бельгиянікі және басқа). 
Вакцинаны балаларға тіпті екі жастан егуге болады. Бірінші уколдан кейін 10  күн өткен соңвакцина егілгендердің  кемінде 99% вирусқа тұрақты иммунитет дамиды. Вакцинациялау орталықтарында, балалар емханаларында  уколды алуға  болады.Хамза Жұматов атындағы Гигиена жәнеэпидемиология Ұлттық орталығының қызметкерлері  ВГА-мен ауыратын бір науқасты  вакцинациялауға  және емдеуге шығындалған қаржы 1/15 қатынасын құрайтынын есептеп шығарды, атап айтқанда,вакцинациялауға шығындалған 1 теңге, бір науқасты емдегенде кететін  15 теңгені үнемдейді. Қорытынды жасаңыздар.
Әрине, аурудан сақтану үшін, гигиена ережелерін қатаң сақтаған дұрыс:
* Арнайы бөлініп, жабдықталған жерде ғана суға түсу.
* Тек  қайнаған немесе шөлмекке құйылған суды ғана пайдалану.
* Барлық жемістер мен көкөністерді мұқият жуу қажет.
Г.Жаналиева – ЖШС «Қызылорда облыстық салуатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»
                           Сырдария ауданы бойынша маманы
07 тамыз 2019 ж. 1 306 0