Гепатит туралы деректер
* Әлем бойынша 2 миллиардқа жуық адам бір кездері В гепатитін жұқтырған, ал 240 миллионнан аса адам В гепатиті вирусы тудырған бауырдың созылмалы ауруынан зардап шегеді.
* Әлемде 150 миллионнан аса адам С гепатиті вирусын таратушы; осы вируспен байланысты аурулардан жыл сайын 350 000 адам қаза табады.
* B гепатиті қан және ағзадағы басқа сұйықтықтар арқылы жұғады. Көбінесе қан құйған кезде залалды шприцтер, жыныстық қатынас арқылы, босану кезінде вирус жұқтырған анадан балаға, гепатит жұқтырған отбасы мүшесінен тығыз байланыс арқылы жұғады.
* Гепатиттің алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды: шаршау, буындардың ауыруы, қалтырау. Кейде жүректің айнуы, сарғаю, іштің ауыруы болады. Дегенмен пациенттердің көбінде анық белгілер болмайды. Белгілердің болмауынан жіті гепатитті уақытында сирек анықтайды. Бірақ жақындарыңа жұқтырып алмау үшін өзіңде аурудың бар-жоғын білу қажет.
* B гепатиті АИТВ-ға қарағанда 100 есе жұқпалы.
* С гепатиті В гепатитіне қарағанда жазылады және көп жұқпайды. Бірақ оған қарсы екпе жоқ. В гепатитіне қарсы дәрі жоқ, бірақ тиімді екпе бар.
* B гепатиті алғаш жұқтырған 6 ай ішінде жіті болып есептеледі. Ауру жұқтырған 10 ересектің 9-ынды жіті В гепатиті жұқтырғаннан кейін алғашқы 6 айда өздігінен жазылады. Ал басқаларында созылмалы түріне ауысады.
* С гепатиті өздігінен сирек жазылады, ал емдеусіз шамамен 80% дерегі созылмалы түрге айналған.
* Созылмалы В гепатиті анықталғаннан кейін алғашқы 5 жыл ішінде бауыр циррозы мен обырына шалдықтыруы мүмкін.
* Егер C гепатиті созылмалы түрге ауысса, онда 15-30 жылдан кейін бауыр циррозы мен обырына алып келуі мүмкін.
* С гепатитіне мына адамдар тексеруден өтуі қажет:
- 1945-1965 жылдары туылғандар (вирус анықталғанға дейін оның таралуы бақыланған жоқ, ал бір реттік медициналық құралдар ол уақытта қолданылмаған);
- 1992 жылға дейін қан құйылған немесе донор ағзаларды ауыстырған (осы мерзімнен кейін донор материалы вирусқа тексеріле бастаған)
- бір кездері (бір рет болса да) тамыр ішінен дәрі жіберілгендер.
* Егер С гепатитінің вирусы анықталса, оның генотипі мен вирустық жүктемесінің деңгейін анықтау дұрыс ем жүргізу сызбасын таңдауға мүмкіндік береді.
* Созылмалы В гепатиті емделмейді, бірақ бақылауда ұстауға және аурудың тежеуге болады
Г. Жаналиева - Облыстық жастар денсаулығы орталығы Сырдария аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы