Аудандық білім бөлімінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті
Сырдария ауданының білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақыптың төрағалығымен мектеп директорлары мен бөлім қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді.Мәжіліс барысында білім саласының өзекті бағыттары талқыланып, көрсеткіштерге терең талдау жасалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау және 2–4 сынып оқушыларының математика мен қазақ тілі пәндерінен өткен ішкі бағалау нәтижелері;
Педагогикалық және психологиялық қолдау қызметінің жұмысы;
Педагогтерді аттестациялау мәселелері;
Қаржының тиімді игерілуі туралы.
Сонымен қатар, бөлім басшысы Еркебұлан Төлепбергенұлы педагогикалық этика, оқу орындарындағы жылу беру маусымының барысы туралы тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын барысында мектептердің санитарлық тазалығы, жылыту жүйелерінің үздіксіз жұмысы, және оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Осы орайда, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың төрағалығымен өткен мәжілістегі мәселелер бойынша аудандық білім бөлімдері мен мектеп басшыларына мектептердің тазалығын сақтау, қаржының мақсатты әрі тиімді игерілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу орындарында жылыту маусымының тұрақты жүруін қатаң бақылауға алу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны атап өтілді.











