Neuralink: Адам миы мен компьютер байланысы

Технологияның миға зияны барынша азайтылған. Иілгіш, өте жұқа жіптер арнайы ине көмегімен миға орнатылады. Оның қалыңдығы адам шашынан да жұқа – 4-6 микрометр. Электродты жіптер имплантациядан кейін ми белсенділігін бақылап, деректерді құлақ артына орнатылған құрылғыға жіберіп отырады. Ол құрылғы деректерді компьютерге жібереді.
Neuralink бір минутта алты жіпті миға орната алатын нейрохирургиялық роботты да жасап шығарған. Робот адамның қантамырларын зақымдап алмау үшін, жоғары сапалы оптика пайдаланады. Импланттарды бас сүйектегі 8-миллиметрлік төрт тесіктен өткізеді. Болашақта жіптер наркоз көмегінсіз лазер арқылы орнатылуы мүмкін. Neuralink зертхана тышқандарына 19 ота жасаған. 87% жағдайда жіптер сәтті орнатылған. Компания презентацияда тәжірибедегі тышқанның біреуін көрсетті. Оның басына USB-C-порт компьютерге ми белсенділігі жайлы ақпаратты жеткізіп жатыр. Оның жылдамдығы қазіргі құрылғылардан гөрі он есе жылдам.
Бірақ Type-C – нейроинтерфейстерге оңтайлы нұсқа емес. Сондықтан болашақта компания N1 атты құлақ артына орнатылатын чипті қолданбақ.
Қазірдің өзінде приматтар Neuralink технологиясымен компьютерді басқаруға қабілетті. Келесі жылы Neuralink тәжірибені адамдарға жасап көрмек, ол үшін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының рұқсаты керек. Маск презентацияда: "Болашақта миллиондаған адам өз ағзасын кибернетикалық тұрғыда дамытып, имлантацияланған чиптер көмегімен сандық ақпарат алмасып немесе шетелдік бір тілді миына құя алады. Бұл біртүрлі естілетін шығар, бірақ болашақта біз жасанды интеллекітімен тығыз байланыс орната аламыз. Бұл міндетті дүние емес, адамзаттың қалауындағы нәрсе", - деді.